31 шілде – 01 тамыз | Алматы

Қазақстандық перфузиологтардың
III форумы
Перфузиядағы стандарттар, тәжірибе және сапаны бақылау
Құрметті әріптестер!

2026 жылғы 31 шілде – 1 тамыз аралығында Алматы қаласында өтетін Қазақстанның III Перфузиологтар форумына қош келдіңіздер!
Бұл форум перфузиологтарды, кардиохирургия және ЭКМО саласының мамандарын, сондай-ақ медициналық индустрия өкілдерін біріктіріп, кәсіби тәжірибе алмасуға, білімін жетілдіруге және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Форум аясында перфузиядағы заманауи стандарттар, клиникалық тәжірибе, сапаны бақылау мәселелері, жасанды қанайналым және ЭКМО технологиялары қарастырылады.
Форумға қатысу сіздер үшін кәсіби тұрғыдан пайдалы болып, жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Сонымен қатар, Қазақстанның қонақжайлығымен, мәдениетімен және Алматы қаласының ерекше атмосферасымен танысуға тамаша мүмкіндік болады.

Сіздерді Алматы қаласында қарсы алуға қуаныштымыз!

Ұйымдастыру комитеті
ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ
07:00 – 08:00
07:00 – 08:00
Регистрация
08:00 – 08:20
08:00 – 08:20
Құттықтау сөзі
Қалиев Рымбай, PhD, Қазақстан Перфузиологтар қоғамының төрағасы.
Мангельдиева Эльмира, перфузиолог дәрігер, «А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ.
08:30 – 09:00
08:30 – 09:00
Advanced techniques in Perfusiology
Youssef El Dsouki PhD, VP Spectrum Medical
09:00 – 10:00
09:00 – 10:00
LivaNova scientific Session
Қателіксіз перфузия: миф пе, әлде шындық па?
Сидельников Сергей, м.ғ.к., LivaNova компаниясының кардиохирургия бағыты бойынша медициналық менеджері.
10:00 – 11:00
10:00 – 11:00
LivaNova scientific Session
Жасанды қанайналым кезінде пациент физиологиясын басқаруға көшу: «мақсатты перфузия» қағидаты
Антикеев Даурен, медицина ғылымдарының магистрі, LivaNova компаниясының кардиохирургия бағыты бойынша медициналық менеджері.
11:00 – 11:30
11:00 – 11:30
КОФЕ-БРЕЙК
11:30-12:00
11:30-12:00
LivaNova scientific Session 
The value of accurate in-blood gas monitoring
Нұрмұхаметова Жұлдыз, перфузиолог дәрігер, UMC КҚ
12:00-12:30
12:00-12:30
Жасанды қанайналым жүргізу кезіндегі гипотермияны қолданудың клиникалық тәсілдері
Мұқаш Аян, перфузист, мейіргер ісі бакалавры, UMC КҚ
12:30 – 13:00
12:30 – 13:00
Талқылау
13:00 – 14:00
13:00 – 14:00
Түскі ас
14:00 – 15:00
14:00 – 15:00
Advanced techniques in Ecmo
Ignazio Condello PhD, Clinical Director Spectrum Medical
15:00 – 15:30
15:00 – 15:30
Балалардағы ЭКМО. Біздің тәжірибеміз.
Бесбаева Гүлжан, MBA, балалар кардиоанестезиологиясы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, UMC КҚ
15:30 – 16:00
15:30 – 16:00
Fresenius Medical Care
ЭКМО-ның заманауи технологиялары: оксигенатор құрылымының экстракорпоралдық қолдаудың тиімділігіне, қауіпсіздігіне және сапасына әсері
Фаизов Линар, перфузиолог дәрігер, UMC КҚ.
16:00 – 16:30
16:00 – 16:30
Ересектердегі ЭКМО. Пациентті іріктеуден бастап қолдауды тоқтатуға дейін.
Лесбеков Тимур, м.ғ.к., клиникалық академиялық департаменттің директоры, UMC КҚ
16:30 – 17:00
16:30 – 17:00
КОФЕ-БРЕЙК
17:00-17:30
17:00-17:30
LVAD имплантациясы кезінде жасанды қанайналымды жүргізудің ерекшеліктері
Тоева Гүлзия, перфузиолог дәрігер, операциялық блоктың меңгерушісі, «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ
17:30-17:50
17:30-17:50
ЭКМО және жасанды қанайналымды жүргізуге арналған экстракорпоралдық контурды алдын ала дайындау
Әмірханов Талғат, перфузист, UMC КҚ
17:50-18:20
17:50-18:20
Перфузиологияның тарихы
Алтенов Кенжебек, перфузиолог дәрігер, ҰКЦЭМ
18:20–18:50
18:20–18:50
Жылу реттеу құрылғысына қатысты әдістемелік және клиникалық ұсынымдар.
Кауменов Мирас, жасанды қанайналым аппараттары жөніндегі инженер.
20:00
20:00
Гала-кешкі ас
09:00 – 09:10
09:00 – 09:10
Ашылу сөзі
Модератор: Қалиев Рымбай
09:10 – 10:00
09:10 – 10:00
Fresenius Medical Care
Жаңартылған Medos DeltaStream жүйесін құрастыру бойынша практикалық сабақ.
Fresenius Medical Care компаниясының өкілі
10:00 – 10:30
10:00 – 10:30
Ересектер кардиохирургиясында қан құюсыз операцияларды қамтамасыз етудегі перфузиологтың мүмкіндіктері.
10:30 – 11:00
10:30 – 11:00
Балалар кардиохирургиясында модификацияланған ультрафильтрацияның жеңілдетілген сызбасын қолдану тәжірибесі
10:00 – 10:30
10:00 – 10:30
Кофе-брейк
11:30 – 12:00
11:30 – 12:00
Туа біткен жүрек ақауы бар балаларда жүйелік қабыну жауабын шектеу тәсілі ретінде донорлық қан компоненттерінсіз жүргізілетін жасанды қанайналым
12:00 – 13:00
12:00 – 13:00
Баяндамаларды талқылау
13:00 – 14:00
13:00 – 14:00
Түскі ас
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Форум Алматы қаласының дәл орталығында орналасқан ең танымал қонақүйлердің бірі – «Қазақстан» қонақүйінде өтеді.
Мекенжайы:
Достық даңғылы, 52/2, Алматы қаласы
Форум іс-шаралары қонақүйдің конференц-залдарында өткізіледі.
Алматы халықаралық әуежайынан
«Қазақстан» қонақүйіне дейінгі қашықтық шамамен 18 км.
Жол жүру уақыты:
30–45 минут.
Ұсынылатын такси сервистері:
• Yandex Go
• InDrive
Қонақүйдің мекенжайы:

Достық даңғылы, 52/2, Алматы қаласы.

Алматы-2 теміржол вокзалынан
«Қазақстан» қонақүйіне дейінгі қашықтық шамамен 4 км.
Жол жүру уақыты:
таксимен 10–15 минут.

Сондай-ақ Абылай хан даңғылы бойымен жүретін қоғамдық көлікті пайдаланып, қаланың орталық бөлігінде түсіп, қонақүйге жаяу жетуге болады.
Алматы-1 теміржол вокзалынан
«Қазақстан» қонақүйіне дейінгі қашықтық шамамен 15 км.
Жол жүру уақыты:
таксимен 25–40 минут.

Басқа өңірлерден келген қонақтар үшін қала ішінде қатынаудың ең қолайлы тәсілі — Yandex Go және InDriveсервистерін пайдалану.
Іссапар құжаттары
Іссапарға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін қатысушылар тіркелу кезінде қажетті құжаттарды ұйымдастырушыларға тапсыруы қажет.
Дайындалған құжаттарды форум аяқталғаннан кейін, 2026 жылғы 1 тамызда алуға болады.
Құжаттарды алдын ала дайындау қажет болған жағдайда, тіркелу кезінде тиісті ақпаратты көрсетуіңізді сұраймыз.
Ауа райы
Шілде айының соңы мен тамыз айының басында Алматыда ауа райы әдетте жылы әрі күн шуақты болады.
Күндізгі орташа температура:
+28°C – +34°C
Кешкі орташа температура:
+18°C – +24°C
Қатысушыларға жеңіл жазғы киім, бас киім және күннен қорғайтын құралдарды алып жүру ұсынылады.
Алматыда не көруге болады
Алматыға келген қонақтарға қаланың ең көрікті әрі танымал орындарын тамашалауды ұсынамыз:
• Көктөбе
• Медеу мұз айдыны
• Шымбұлақ тау шаңғысы курорты
• 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы
• Вознесенск кафедралды соборы
• Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі
• Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі
• Республика алаңы (Тәуелсіздік алаңы)
Форум серіктестері
Қазақстанның III перфузиологтар форумы 2026
«Перфузиядағы стандарттар, тәжірибе және сапаны бақылау»
2026 жылғы 31 шілде – 1 тамыз | Алматы, Қазақстан

Қазақстанда және өңірде перфузияны, кардиохирургияны және қанайналымды механикалық қолдау технологияларын дамытуға үлес қосып жүрген барлық қатысушыларға, спикерлерге, серіктестерге және ұйымдарға алғысымызды білдіреміз.